Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ex Ex": Шулы клип түсірген Кәмшат Жолдыбаева сынға ұшырады (видео)

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Кәмшат Жолдыбаева су жаңа бейнебаян ұсынып, тағы да ел назарына ілікті. Көпшілік әншінің кезекті жұмысын қызу талқылап, оның әрбір клипте төсін айқара ашып жүретініне шүйліккен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жолдыбаеваның бұл жолғы әні де махаббат тақырыбында болып шықты. Бейнебаянда ол бұрынғы сүйіктісін әлі ұмыта алмай жүрген арудың рөлін сомдайды.

Алайда, желі қолданушылары әншінің клип желісін емес, оның образдарын қызу талқыға салған. Көпшілікке Жолдыбаеваның тым ашық киінетіні жақпай қалды.

Көрермендер бұл наразылығын желіде ашық түрде білдіруде.

Оған қоса, желідегілер әннің атауының өзі ерсі естіледі деп пайымдауда.

"Ашық киініп, клип түсіруден басқа ештеңе білмейді" , "Не сұмдық? Тағы да төсін ашып" , "Жасына жараспайды, ұят қайда" ,"Бұл қыз билейді де, шешінеді де, клип те түсіреді. Бірақ, неге хит болмайды?" , "Әннің атын әдейі осылай қойған ғой. Назар қалай аудартарын білмей" , "Экс, экс дегені несі?", - деп жазуда оқырмандар.

Желідегілер арасында өнер иесінің туындысын ұнатып қалғандар да болды. Олар Кәмшаттың еңбегі мен шеберлігін аса жоғары бағалап, оған жылы лебізін де білдіре кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823600-ex-ex-kmsat-zoldybaeva-tagy-bir-bejnebaanymen-eldi-sulatty-video/

pixel