RU

Макгрегор UFC-де ең жоғары ақы төленетін боксшы атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

UFC ирландиялық жұлдызы Конор Макгрегор промоушенның тарихында ең жоғары ақы төленетін боксшы болып шықты деп хабарлайды Тһе street сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өзінің дебютінен бері Конор UFC-ден 9,5 млн доллар алған. Ол ең танымал промоушенда 2015 жылы пайда болды.

Абсолюттік жекпе-жек чемпионатының 5 кассалық оқиғасының 4-еуі осы файтердің қатысуымен өтті.

UFC ең көп ақша төлеген спортшылар тізімінде Макгрегордан кейін Майкл Биспинг орналасқан.

Промоушен ардагері 7,1 млн доллар табыс тапты. Аралас жекпе-жектегі мансап Британиядағы спортшының денсаулығына әсер етті. Майкл көзінен айырылып, жасанды тізе қойғызды.

UFC-дің тағы бір тұлғасы алғашқы үштікте тұр. Жорж Сен-Пьер Дэйн Уайттың ұйымынан 7 млн долларды иеленді.

Хабарламада айтылғандай, тізім демеушілерден төлем есебінсіз жасалды. Сарапшылар тек жекпе-жек гонорарлары бойынша бағалады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Макгрегор UFC-де ең жоғары ақы төленетін боксшы атанды
Mailfire view pixel