RU
"Күйеуім бар": Дильназ Ахмадиева тұрмысқа шыққанын жария етті (фото)

"Күйеуім бар": Дильназ Ахмадиева тұрмысқа шыққанын жария етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық эстрада әншісі Дильназ Ахмадиева ешкімге айтпай, тұрмысқа шығып алған. Әнші сұхбаты барысында өзін енді отбасылы адам екенін айтып қойды деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ахмадиева күйеуі бар екенін жасырмағанымен оны қалың жұртқа жария етіп, мақтанудан аулақ екенін жеткізді.

"Мен тұрмыстағы адаммын. Қандай да фильмге түспес бұрын күйеуімнен сұраймын.

Рұқсатын берсе, әрине түсуге әзірмін. Жеке өмірімді жалпақ жұртқа жар салғанды ұнатпаймын. Бастысы, күйеуім бар.

Жасырмаймын, тұрмыстамын. Ол бар болса, бәрі жақсы болады" , - деп өміріндегі жаңалығымен бөлісті өнер иесі.

Оған қоса, жақында болған концерттердің бірінде кең көйлек киіп шыққан жұлдызды көпшілік жүкті деп болжады. Шоу-бизнес өкілінің бұл тұжырымдарға да айтары бар болып шықты.

"Босанған кезде айтармын. Қазір барлығын жайып салғым келіп тұрған жоқ. Мүмкін перзентханаға да шақырып қалармын" , - деді Дильназ.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
2
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel