RU
Өз-өзіне пышақпен кесарь тілігін жасап, босанған әйел жұртты таңырқатты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Өз-өзіне пышақпен кесарь тілігін жасап, босанған әйел жұртты таңырқатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Мексикалық 40 жастағы жеті балалы әйел толғағы келген сәтте сегізінші ұлын өзі босанып алды. Ол ас үй пышағының көмегімен өзіне кесарь тілігін жасаған деп жазады Bigpicture.ru порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Мексиканың Оахака штатындағы кішкентай үнді ауылында тұратын Инеас Рамирес есімді әйел сегізінші баласын өзі кесарь тілігін жасап босанып алған.

Олар тұратын ауылда аурухана түгілі дәрігер де жоқ екен. Осы себепті бұған дейін оны күйеуі босандырып келген. Алайда соңғы толғағы басталғанда жолдасы үйінде болмапты.

Әйел өзінен басқа сенер ешкім жоқ екенін, асқынып жатса баласымен бірге өліп кетуі мүмкін екенін түсініп, ота жасаудан, тіпті анатомиядан хабары болмаса да ішін кесуге бел буады.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Оның қолында хирургиялық құралдар да, тіпті медициналық анестезия дәрілері де болмаған. Ауырсынуды басу үшін ол үш стақан үй ликерін ішіп алады да, скальпель ретінде ас үй пышағын қолданады. Сөйтіп ол ішін 17 сантиметр тереңдікке кесіп, баланы алып үлгереді.

Кейіннен ауылдастары оны 80 шақырым қашықтықтағы ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер әйелдің жағдайына қатты таңғалғандарын жасыра алмапты.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel