RU
Айжан Байзақова 80 млн теңгеге элиталы ауданнан жаңа пәтер сатып алды

Айжан Байзақова 80 млн теңгеге элиталы ауданнан жаңа пәтер сатып алды

Рассказать Вконтакте

Атышулы Instagram жұлдызы Айжан Байзақова элиталы ауданнан пәтер сатып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова қаланың элиталы ауданынан жаңа пәтер сатып алған. Ол көпшіліктен көрімдік сұрап, элиталы ауданның өзіне қатты ұнағанын айтты.

"Тадааааам мен өзіме пәтер сатып алдым! Көрімдік күтемін. Білесіздер ме, бір кездері еең болмағанда жеке өзіме бір бөлмелі пәтер сатып аламын деп ойламаған да едім", - деді Айжан.

Содан кейін айжан тұрғын-үй кешенінің жағдайының тамаша екенін, тіпті көршілерінің көбісі таныстары болып шыққанын сөз етті.

"Мұнда мен жақсы көретіннің бәрі бар: мейрамханалар көшесі, брендті дүкендердегі шопинг, Еуропадағыдай атмосфера! Жақында өзінің кинотеатры, балабақшасы болады! Бұл керемет! Қалаға барудың сәні болмағандықтан, көлікті сата беруге болады.
Бәрінен бұрын көршілерім менің таныстарым екені таңқалдырды. Ортақ чатта мені талқыламайды деп үміттенемін. Құттықтауларыңызды күтемін, енді алда ең қызығы - жөндеу жұмыстары басталады!", - деді актриса.

Желідегі жазбасында Байзақова элиталы үйдің бағасын да жазған.

Ал Айжанның оқырмандары үйдің бағасын жылдам есептеп тастады. Көбісі бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін айтты. Байзақованың жаңа пәтер алғанына сенбейтіндер табылып жатса да, оқырмандардың біразы оны құттықтап үлгерген.

"Құттықтаймын!", "Өз пәтерің болған қандай жақсы!, "Жарайсыз!", - десті фолловерлер.

Сіздің реакцияңыз
0
0
7
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel