RU

Немересі үшін тату жасатқан Тиматидің анасы көпті таңғалдырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік танымал рэп орындаушы Тиматидің анасы жақында ғана дүние есігін ашқан екінші немересінің құрметіне тату жасатқан. 59 жастағы Симона Черноморская бұл әрекетке алғаш рет барып тұрған жоқ. Бұған дейін ол тұңғыш немересі Алисаға арнап тату салдырған деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің анасы немерелі болғанда тату жасатуды әдетке айналдырып алған. Симона міндетті түрде дүниеге келген сәбилердің туған күндерін қолына жаздыртып қояды.

Бұл жолы да екінші мәрте апа атанған келіншек Ратмирдің туған күнін рим цифрларымен бастыртқан. Оның үстінде Тиматидің қызы Алисаның өмірге келген күні жазылған.

Симона Черноморская татуды ұлына тиесілі салондардың бірінде жасатқан. Үрдіс барысын ол өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Немересі үшін тату жасатқан Тиматидің анасы көпті таңғалдырды
Mailfire view pixel