RU
Клара Күзденбаева марқұм ұлы туралы жантебірентерлік жазба қалдырды

Клара Күзденбаева марқұм ұлы туралы жантебірентерлік жазба қалдырды

Рассказать Вконтакте

Танымал нумеролог Клара Күзденбаева ұлы Руслан Күзденбаевқа арналған жүрекжарды жазбасын жариялады. Марқұм ұлын еске алған ол оның өмірде қандай адам болғанын жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Клара Күзденбаева өзінің жантебірентерлік жазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

"Құрметті менің достарым, оқырмандарым. Сіздерге осындай қиын күндері қолдау көрсетіп, көңіл айтқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бүгін ұлым Русланның дүниеден өткеніне 27 күн болды.

Менің қайғымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес және ешкімнің басына мұндай тілемес едім. Руслан өте ашық, мейірімді болатын, ол жақсы ұл, әке, жолдас бола алды.

Ол мені, әйелі мен балаларын қатты жақсы көретін. Өзінің жақындары мен достарын да қатты сыйлайтын. Жалпы өмірді жақсы көретін, мен сияқты консультация берумен айналысатын", - деп жазған ол.

Ұлын жоқтаған ол, оның бар-жоғы 34 жыл өмір сүргенін, армандары көп болғанын да атап өткен.

"34 жас деген не, тағдыр оған өте қысқа ғұмырды нәсіп етіпті. Тағдыр – ажал оның жүрегін тоқтатып кетті. Бірақ бір жақсысы ол өзінен кейін ұрпақ қалдырып кетті. Менің үш немерем бар.

Үлкен немерем Камила – 10 жаста, Әлихан – 7 жаста, Әрсен – бір жарым жаста. Оларға енді әке орнын ешкім толтыра алмайды. Мен олармен араласып, барынша көмектесетін боламын.

Бәрі Алланың жазуы! Құдай тек сынақты көтере алатындарға ғана береді дейді. Демек мен сол сынақты өткеруім тиіс. Сосын Құдайға да тек жақсы адамдар керек деп жатады. Өздеріңіз бен жақындарыңызды бағалаңыздар!", - деген жантебірентерлік жазба қалдырған ол.

Желі қолданушылары нумерологқа жаппай қолдау көрсеткен. Олар:

"Бекем болыңыз", "Руслан өте ақкөңіл адам еді", "Жаны жаннатта болсын" деген пікірлерін жаудырып жатыр.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel