Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жиіркенішті": 47 жастағы ағасының жүргіш екенін естіген әйел ашуға булықты

Опубликовано:

47 жастағы жақын туыс ағасы жайлы сұмдық жайттан хабардар болған әйел сырын айтты. Ол 1972 жылы туған жақыны жүріс жасайтынын естігенде ашуға беріліп кеткен. Бұл туралы келіншектің өзі Instagram желісіндегі "Әйел бақыты" парақшасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: creu.ru
Көрнекі фото: creu.ru: Facebook

Күйеуінің көңілдесі бар-жоғынан бейхабар келіншек ағасы басқамен көңіл қосады деп мүлде ойламаған екен.

Ол айдай сұлу жұбайы бар туысының бұл әрекетке не үшін барғанын түсіне алар емес.

"Өзі өте бақуатты тұрады. Әйелі сұлудың сұлуы. Бір баласы, бір қызы бар. Баласы үйленген, екі немересі бар. Енді ол кісінің жүретін қызы 94 жылғы қыз екен. ХҚКО-да жұмыс істейді. Көзі ашық қыз, жап-жас. Қалай 50-ге келген кісімен көңіл қосады деп ойлаймын. Ол кісіден мұндай нәрсе күтпедім. Жиіркеніштісіңдер, көңілдесі болып, қалай рахаттанып жүресіңдер", -деді ол.

Сондай-ақ, көкірегін ыза кернеген келіншек қазіргі қыздарға ақыл айтты. Ол етегі ашылған бойжеткендерге өз теңін тезірек табу қажеттігін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823649-ziirkenistisider-47-zastagy-agasy-zajly-smdyk-zajt-estigen-jel-asuga-bulykty/

pixel