RU
Ақбота Айдарқұлова өз туған күнінде марқұм анасын есіне алды (фото)

Ақбота Айдарқұлова өз туған күнінде марқұм анасын есіне алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Ақбота Айдарқұлова 23 жасқа толды. Өнер иесінің жақындары оған тосынсый жасап құттықтап жатқанымен, туған күн иесі анасы жетіспей тұрғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші әрі актриса ретінде өзін танытып жүрген Ақбота Instagram желісінде өзіне өмір сыйлаған анасына алғысын білдірді.

Ол өз туған күнінде анасына жантебірентерлік жазба арнап, оқырмандарын жылатты.

"22.10.1996 жылы түскі сағат 12:00-де дүние есігін ашыппын. Анашым рахмет сізге! Сізге қаншама ыстық сөздерімді айтқым келеді. Бүгін 23 жасымда да қартайғанша да жанымда болғаныңызды қалап едім" , - деп жазды әнші.

Бүгінде Ақбота Айдарқұлова өзі де ана. Шоу-бизнес жұлдызының екі баласы бар. Ол танымал отандық әзілкеш Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққан.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel