RU
Бесікті неге қараусыз қалдыруға болмайды?
Жаңалықтар Қоғам

Бесікті неге қараусыз қалдыруға болмайды?

Рассказать Вконтакте

Қазақ ешқашан сәби жататын бесікті, сәбидің жуылған кірін далаға тастамаған. Бесікті қасиетті санаған, аяқпен баспаған, иесіз тастамай, биік жерге іліп қойған. Өйткені, бесікпен ұрпағың өседі, әулетің көркейеді деп жазады "Замана" басылымы.

Фото: "Замана" басылымы/ Самат Құсайынов, photooner.kz

Фото: "Замана" басылымы/ Самат Құсайынов, photooner.kz

Біздің халқымыз өмірге келген жас нәрестені періштеге балаған, сондықтан да бесікті таза ұстаған. Жын-шайтан жоламасын деп аластап, қас­қырдың тісін, тырнағын іліп, үкі қадаған. Бесіктің керек жабдықтарын кірлетпеген.

Қазақ үшін бесік – киелі, қасиетті зат. Оған қатысты ырымдар мен тыйымдар көп болған. Әрқайсының өз мән-мағынасы, орны бар. Бос бесікті тербетпейді. Наным-сенім бойынша бос бесікке ібіліс баласын жатқызады деп айтылады.

Сондай-ақ бос бесікті ешуақытта жабусыз қал­дырмаған. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет. Бала өскен соң бесікті міндетті түр­де төрге, маңдайшаға іліп қой­ған.

Бесіктің теріс жағына отырмайды. Бе­сікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алады. Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын көтермеген, саудаласпаған. Сондай-ақ халқымыз баласының бесігін біреу сұраса, арнайы ырым-жоралғы жасап, жақсылыққа балап, тек содан кейін ғана жақын туыстарына ғана беретін болған.

Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Ал қараусыз, кіре берісте қалған сәби арбасына шаң-тозаң түседі, шыбын-шіркей қонады, түрлі жәндіктер түсіп кетеді, кіре берісте түнде неше түрлі бөгде адамдар кіріп жүруі де мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel