RU
Алматыда бұрын ақталып шыққан судья алаяқтығы үшін сотталды

Алматыда бұрын ақталып шыққан судья алаяқтығы үшін сотталды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотының бұрынғы судьясы Андрей Штейнке алаяқтық және 10 мың доллар пара беруге талпыныс жасады деп айыпталды. Бүгін оған үкім шығарылды, соған сәйкес судья үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы ҚР Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Сот шешіміне сай, Штейнке өмір бойына мемлекеттік жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Еске сала кетейік, Андрей Штейнке Алматыда 2 ақпан күні 10 мың АҚШ долларын алып жатқан жерінде ұсталған. Артынша ол жұмысынан уақытша шеттетілді.

Кейіннен, сотта айыпталушының кінәсі дәлелденбегендіктен Штейнке ақталып шықты.

Сот өкілдері судьяның әрекеттерінде соттың этикалық нормалары мен процессуалды емес байланысына қайшы келетін тұстары бар екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel