RU
Назарбаев Жапониядағы үздік университеттің Құрметті докторы атанды (фото)

Назарбаев Жапониядағы үздік университеттің Құрметті докторы атанды (фото)

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жапонияның Цукуба университетінің Құрметті докторы атағы табыс етілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкібай сондай-ақ марапаттау рәсімінің және құжаттардың фотосын жариялады.

"Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукубу университетінің Құрметті докторы атағы берілді", – деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы.

Айта кету керек, Цукубу университеті әлемдегі ең беделді оқу орындарының бірі және Жапониядағы топ-10 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Жапония үкіметінің шақыртуымен Император Нарухитоның ресми интронизация рәсіміне қатысты.

Сапар барысында Елбасы Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel