RU
Ауруханада жатқан Еркін Нұржан көпшілікті алаңдатып қойды (фото)

Ауруханада жатқан Еркін Нұржан көпшілікті алаңдатып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада әншісі Еркін Нұржан желіге аураханада жатқан суретін жариялап, елді алаңдатып қойды. Өнер иесінің жанкүйерлері шошынып, әншінің денсаулығы үшін алаңдаған. Алайда, шоу-бизнес жұлдызы оларды сабырға шақырып, емханаға жүгіну себебін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жігіттер" квартетінің бұрынғы әншісі денсаулығы сыр беріп, дәрігерлерден көмек алған. Еркін Нұржан Instagram парақшасында ауруханада система алып жатқан сәтінің фотосын жүктеп қойды.

Өнер иесі қай жері ауырып жатқанын әзілмен жеткізіп, оқырмандарына алаңдаудың қажеті жоқ екенін түсіндірді.

"Аздап мазасызданған соң, тексерілейін деп келгем ғой. Көбінде жоғары жылдамдықта жүрген соң, мотордың майына доливка жасайтын уақыт та кеп қапты. Басқа жерлерің жақсы дейді. Тек тормозной колодкаларың желінген, тозған деп жаңасын (кытайлық емес оригиналын) салып берді" , - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
1
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel