Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір-бірімізді жақсы сеземіз": Жұлдыз Әбдікәрімова енесімен арақатынасы жайлы сыр шертті

Опубликовано:

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жұлдызды енесімен қарым-қатынасы жайлы айтты. Ол танымал әулетке алғаш келін болып түскен кезін есіне алып, тап болған қиындықтарын сөз етті деп жазады "Таңғы хабар" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сұхбат барысында Қайрат Нұртастың жұбайы алғаш келін болып түскен шағын еске, алып, енесінің берген кеңестеріне тоқталды.

"Келін табылдырық аттағанда сол отбасын бақытты қыламын деп келу керек. Оған қоса, қыздар енесі айтқан әрбір айтқан сөзін анасы айтқандай қабылдау керек. Ал айтылған ескертулер мен қателіктерді ауыр емес, жеңіл қабылдау қажет. Менің енем бағыт-бағдар беріп отырады. "Сен мына жерде қате істедің демейді". Ақыл мен кеңесін бөлісіп отырады.
Мен алғаш келін болып түскенде енемнің айтқан сөзі әлі есімде. Мен сол кісінің сол сөзімен әлі келе жатырмын десем болады. Мен келін болғанымда 19 жаста едім. Ол кезде тамақ та жасау білмейтін едім, ерке қыз болып өстім. Біз жазда банка жабатын болдық. Мен енеме "мама мен мұндай жасай алмаймын" дегенім бар.
Сол кезде ол кісі "Істей алмайтын түгі жоқ. Адам істей алатын нәрсені басқа адам да істей алады. Тек тырысу керек, еңбектену керек" деп жауап берді. Міне, сол сөзімен келе жатырмын. Қазір бәрін білемін" , - дейді Жұлдыз.

Оған қоса, ол Айдарбековамен он екі жылда қарым-қатынасы қалай өзгергенін айтып берді.

"Айтарлықтай өзгерді. Он екі жылда мен енді біріншіден, Қайраттан жақын болдым. Бір-бірімізді ыммен ғана түсінетін болдық. Ол кісі қазіргі уақытта Алматыда болса да, мен ол кісінің не ойлап жүргенін сеземін. Ол да солай сияқты. Біз бір-бірімізді жақсы сеземіз" , - деп ағынан жарылды Қайраттың жары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823683-kajrattan-zakyn-boldym-zldyz-bdikrimova-enesimen-arakatynasy-zajly-syr-sertti/

pixel