Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Беруге болмайды": Аспириннің балалар өміріне қауіптілігі анықталды

Опубликовано:

12 жасқа дейінгі балаларға тұмау тиген жағдайда да, кез келген басқа да ауруларға шалдыққан кезде де аспирин беруге болмайды. Бұл туралы ресейлік дәрігер-терапевт Ирина Ярцева мәлімдеді деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.comа: Facebook

Оның айтуынша, вирустық инфекцияның ацетилсалицил қышқылымен кез келген байланысы баланың "Рей синдромына" (бауырдың зақымдануына апаратын дерт) шалдығу мүмкіндігін арттырады.

"Және баланың ондай дертке шалдығуын ешкім болжамайды. Сондықтан бауырды тексерту керек екені бірден ойларына келмейді", – дейді дәрігер.

Ол сондай-ақ бұл дерттің асқынуы өмірге қауіпті екенін алға тартты.

Бұдан бөлек, Ярцева аспириннің "бас жазуға" көмектесетіні жайлы аңызды жоққа шығарды.

Айтуынша, дәрі керісінше, уәтты әсерді тек күшейтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1823704-beruge-bolmajdy-aspirinni-balalar-mirine-kauiptiligi-anyktaldy/

pixel