Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өздігінен қозғалған қуыршақ иесінің зәре-құтын алды (видео)

Опубликовано:

Ескі антикварлық заттарды коллекциялағанды ұнататын Майкл есімді АҚШ тұрғыны терең тарихы бар қуыршақты сатып алған. Алайда көп ұзамай сан соғып қалған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл ойыншықтың өзіндік тарихы бар. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс лагерінде болған америкалық әскери тұтқын қуыршақтың басын жасап шығарған.

Құрастырушысы Мистер Фриц деп атаған қуыршақ соғыстан кейін АҚШ-қа тасымалданып, Миртл-Бич (Оңтүстік Каролина) антикварлық дүкенінде сақталған. Осыдан кейін ол Ливерпульге (Англияға) аттанған. Оны Майкл есімді ер адам сатып алды.

Ол қуыршақты шыны шкафқа салып, өзінің басқа да коллециясымен қатар қойған. Алайда көп ұзамай Майкл шкафтың есігі өздігінен үнемі ашық тұратынын аңғарыпты.

Майкл бөлмеге бейнебақылау орнатып, жантүршігерлік жайтты байқаған. Ол шкафқа орнатқан қуыршақ бірде аузын, бірде көзін қозғалтып, өз бетімен өмір сүреді. Есік те өздігінен ашылып-жабылады екен.

Майкл көп ойланбастан шкафты темірмен байлап, бетін матамен жауып қойған. Алайда қуыршақпен қазір нақты не істеу керек екенін білмейді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1823706-zdiginen-kozgalgan-kuyrsak-iesini-zre-ktyn-aldy-video/

pixel