Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұбайларын көпшіліктен жасыратын шоу-бизнес арулары кімдер (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнесте отбасылық өмірін құпия ұстайтындар жетерлік. Солардың арасында өмірлік серіктерін жеті қат сандықта сақтағысы келетін арулар бар деп хабарлайды НТК телеарнасындағы Ревю бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/Актрисалардың жеке парақшасы
Фото: Instagram/Актрисалардың жеке парақшасы: Instagram

Көпшіліктен жұбайларын жасырын ұстайтын арулардың қатарында Әсел Сағатова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Рано Умарова және Аружан Жазылбекова бар.

1. Әсел Сағатова

Бағдарламада Әсел Сағатованың ұлы мен қызы бар екені айтылды. Жұбайы – бір кездері Дубайда лауазымды қызмет атқарып, актрисаның отбасымен сол шаһарды мекен еткені белгілі болды.

Бірақ Әсел етегінен ұстаған құпия ер азамат кім? Бұдан көпшілік бейхабар. Актрисаның өзі мұны – қатаң құпияда сақтайды.

2. Қарлығаш Мұхамеджанова

Телеарна дерегінше, Қарлығаш Мұхамеджанова да ақ келін атанып үлгерген. Тіпті, кесте тігері де бар екені де белгілі болды.

Актриса жеке өмірін жария етуге асықпайды.

3. Аружан Жазылбекова

Шоу-бизнес өкілі – режиссер Ахат Ибраевтың аяулы жары. Бірақ, ғаламторда олардың ортақ суреттері өте.

Аружан инстаграмдағы жеке парақшасына да күйеуінің фотоларын жүктемейді.

4. Рано Умарова

Рано Умароваға да күйеуі біраз тиымдар қойып тастаған. Әншінің бизнесмен жары – танымалдылыққа құмартпайды. Сондықтан, жұрт көзінен тасада қалғысы келеді екен. Перзенттерінің де желіде жиі жарқырауын құптамайды.

"Күйеуге шыққаным рас. Бірақ ол кәсіпкер болғандықтан, көп көрінгісі келмейді. Сондықтан да біз сырға салу, ұзату, неке қию салтанаты сынды рәсмдерді тек ет жақындарымыздың ортасында өткіздік", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823713-zbajlaryn-kpsilikten-zasyratyn-sou-biznes-arulary-kimder/

pixel