RU
"Қалың малды да қатырмады": Қайын жұрты той жасап бермеген келіншек жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

"Қалың малды да қатырмады": Қайын жұрты той жасап бермеген келіншек жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Жеті жыл бұрын келін болып түсіп, қалың мал алмаған келіншек көпке мұңын шақты. Әйел адамның айтуынша, келін болып түскенде ата-енесі оларға тіпті той да жасамапты. Ал шаңырақ құрғалы жатқан қайын ағасы мен жаңа түсетін келінге ата-енесі ұлан-асыр той жасап бермек екен. Келіншек екі келінге қайын жұрты екі келінге бірдей қарамайтынын айтып, жан сырын ақтарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Келіншек жан сырын astana_forum парақшасында ақтарған.

"Сәлем баршаңызға. Өз – өзімді жеп біттім. Күйеуім екеуміз үйленгенде қайын ағам бойдақ болатын. Мені алып қашып кетты. Той жасап бермеді бізге. Енді арада 7 жыл өткенде үйленіп жатыр. Енді жасап жатқан дүниелері сұмдық.

Бізде тек құдалық болды. Құдалық болғанның өзінде болар-болмас қылып өткізе салған еді. Қалың малды да қатырмады. Енді күйеуіміз екеуміз соған бола ұрсып қала береміз.

Ал бұл баласына қалың малының өзі 30 доллар болып тұр. Келмей жатып тойларын белгілеп, құда құдағиға комплект алып, мықты киімдер алып, жаман көңіліме келіп жатыр. Менің анам да құдалықтарың құтты болсын деп келгенде, ана дүнилерді көріп қапа болып кетті", - дейді келіншек.

Оның сөзінше анасы да кезінде қыздарына құдалапы той жасап, қалың мал бермегініне өкпелі екен.

"Анаммен телефонмен сөйлескенде менде армандаған едім сені ақ көйлекпен шыққаныңды деп айтып қалды. Енді ата енемді күйеуімді жек көремін. Жасаған соң бірдей жасау керек қой немесе мен дұрыс ойлап жатқан жоқпын ба?

Мамам да, мен де қапа. Не болды сонша шашылып десем, енем дұрыс қой қызын алып жатырмыз дейді. Мен сонда өзім тұрмысқа шығып алдым ба? Құдайға шүкір 2 қызымыз, 1 ұлымыз бар. Бірақ осыған шыдай алар емеспін.

Жаңадан келін болып тускенде, енем ананы-мынаны білмейсің деп әбден жылатқан. Енді олар келе сала бөлек кетеміз деп отыр. Баласы біледы анасының мінезін. Біз ұрсып қалса, алдай сал енеңді, бір-екі жылда картаяды, алжиды дейді қайын ағам. Өзі қалғысы жоқ.

Ал күйеуім ешқайда кетпеймін деп отыр. Не істесем болады акыл-кеңестеріңіз керек болып тұр...", - деп ағынан жарылды ол.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
2
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel