RU

Боран мен көктайғақ: Алдағы күндері ауа райы қандай болмақ

Қазақстанда 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамы: елдің шығыс және солтүстік өңірлерінде көктайғақ пен тұман түсуі күтілуде, ал оңтүстік аймақтарда жылы әрі ашық ауа райы болуы ықтимал деп хабарлайды "Қазгидромет" РМҚ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, елдің оңтүстік өңірлерінде ашық ауа райы күтілуде. Алдағы үш күнде бұл аймақтарда жауын-шашын болмайды.

Ал Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болуы ықтимал.

Синоптиктер батыстан соққан желдің күшеюінен бұл аймақтарда боран болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Сондай-ақ мамандардың айтуынша, тропосферада орныққан батыс ағымдары Қазақстанның барлық аумағына жылы және дымқыл ауа алып келеді.

Метеорологиялық қызметтің ақпарынша, елімізде алдағы үш күнде ауа температурасы осы мезгілге қалыпты деңгейден 2-5 градусқа көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1823747-boran-men-kktajgak-aldagy-knderi-aua-rajy-kandaj-bolmak.html