Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдіктерге Қазақстанның оңтүстік шекарасынан өту жеңілдетілмек

Опубликовано:

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шетелдік саяхатшылар ағынын арттыру үшін өңірде туризм саласы белсенді дамитынын атап өтті. Ол үшін аймақтағы көлік мәселесін шешіп, еліміздің оңтүстік шекарасынан өтуді жеңілдету керектігін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: ҚР шекара қызметінің ресми сайты
Көрнекі фото: ҚР шекара қызметінің ресми сайты: Instagram

Шөкеев өткен жылы Түркістанға 1,4 миллион турист келгенін айтты. Бұл Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне билетпен барғандардың саны болып табылады.

Өткен жылы Өзбекстанда 5 миллион турист болды. Бұл - Батыс елдерінен келген саяхатшылар болып табылады.
Самарқандқа, Хиуаға және Бұхараға баратындардың көпшілігі Түркістанға да келгісі келеді. Бірақ бұл үшін көлік, шекараны кесіп өту мәселесін шешу керек. Біз бұл мәселелерді мүмкіндігінше жеңілдетуіміз керек", - деді әкім.

Сондай-ақ, жылдамдығы жоғары теміржол жобасы туризм үшін дүлкен маңызға ие. Ол Өзбекстан мен Қазақстанды байланыстырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823751-seteldikterge-kazakstanny-otstik-sekarasynan-tu-zeildetilmek/

pixel