Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында полиция қызметкеріне шабуылдаған бұзақы ұсталды

Опубликовано:

Полиция қызметкерлері өздерінің әріптесін шабуылдаған 26 жастағы ер адамды құрықтап, қамауға алды. Оқиға 22 қазан күні Сарқан қаласында орын алды. Отбасылық жанжал бойынша шақырылған полицейлер өздерінің әріптесін шабуылдап, екі рет пышақ сұққан мас ер адамды құрықтады деп хабарлайды Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.
Фото: KAZ.NUR.KZ.: Original

Анықталғандай, полиция қызметкерлерін мас ұлына шағымданған анасы шақырған. Белгілі болғандай, 2011 жылы ер адам полиция қызметкерін өлтіруге әрекет жасаған, бұл үшін сотталған және 2018 жылдың желтоқсан айында ҚІБ бойынша босаған.

Ол бұл жолы да шабуыл жасады, бірақ полицейлер дер кезінде оны қарусыздандырып, жергілікті полиция бөліміне жеткізді. Қазір ол УҰИ-да қамауда, оған қатысты ҚР ҚК 24 және 99-баптары (кісі өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық тергеу жүргізілуде.

Тергеу ерекше бақылауда.

Облыстық полиция департаментінде қарулы тәртіп бұзушының кенеттен шабуылына тап болған полицейдің дайындығын атап өтті. Тәртіп сақшысы шабуылдаған ер адамның қаруын тартып алып, оны серіктесінің көмегімен ұстап алды.

Қазір зардап шеккен полиция қызметкері амбулаторлық емдеуде және бірнеше күннен кейін өз жұмысын орындауға кіріседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823752-almaty-oblysynda-policia-kyzmetkerin-sabuyldagan-bzaky-staldy/

pixel