RU
Атырау облысында нәрестелер өлімінің себептері анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Атырау облысында нәрестелер өлімінің себептері анықталды

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі Атырау облысында нәрестелер өлімінің фактілері бойынша жүргізілген тексерістің нәтижелерімен бөлісті. 2019 жылдың 9 айында 156 нәресте қайтыс болған – тексеріс барысында ауруханаларда инфекциялар, туа біткен кемістік пен жазатайым оқиғалар анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Нәрестелер өлім-жетімнің ең жоғары көрсеткіші Атырау перинаталдық орталығында тіркелген – 98, басқа медициналық мекемелерде – 54 және өз үйінде 4 сәби көз жұмған.

"Өлім-жетім көрсеткішінің өсуі тамыз бен қыркүйек айларында тіркелуіне байланысты осы аралықта қайтыс болған 42 нәрестенің медициналық карталары мұқият зерттелді. Олардың 73,4 пайызы шала туған болып шықты.
Медициналық карталар мен гистологиялық материалдардың сараптамасы тамыз айында Атырау облыстық перинаталдық орталығында аурухана ішілік инфекциялардың таралуын көрсетті. Инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған, соның салдарынан аурухана ішінде инфекциялар таралып, шала туылған сәбилердің ауыр септикалық асқынуына әкеліп соққан", – деп мәлімдеді қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы Людмила Бюрабекова.

Осылайша, нәрестелер өлімі фактілерін қайта тексеруден кейін тамыз айында бактериологиялық сепсистен 18 баланың көз жұмғаны анықталды. Алайда, олардың медициналық карталарында өлім себебі басқаша көрсетілген.

Еске сала кетейік, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel