Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәби өлімін жасыру оқиғасы: Тағы бірнеше факт анықталды

Опубликовано:

Атыраудағы сәби өлімінен кейін медициналық ұйымдарға жүргізілген тексеру нәтижесі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: UGC

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Сараптама нәтижесінде сәбилердің тірі туып, өмірінің алғашқы жеті күнінде шетінеп кеткені анықталды. Бұған дейін 277 жағдай анықталғанын айтқанбыз, бірақ қосымша материалдарды тексере келе осындай 282 жағдай орын алғаны белгілі болды", - деді ол.

Бюрабекованың сөзінше, сәбилер тірі туғанмен, әртүрлі жағдайларға байланысты алғашқы жеті күн ішінде шетінеп кеткен.

"Бұл сәбилер шынымен тірі туған, бірақ алғашқы жеті күн ішінде туа бітті жүрек ақауы және басқа себептерден шетінеп кеткен. Бұл сандар бала өлімі көрсеткішіне әсер етеді», - деді ол.

Еске сала кетейік, Атырау облысы перинаталды орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін пара бермек болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823766-sbi-limin-zasyru-okigasy-tagy-birnese-fakt-anyktaldy/

pixel