Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмаханның "Қайда" бейнебаяны 100 млн қаралым жинады (видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасы бар, әнші Ерке Есмаханның "Қайда" атты бейнебаяны Youtube желісінде 100 млн қаралым жинады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің туындысы 2017 жылы маусым айында жарияланған.

Бейнебаян екі жылдан астам уақыт ішінде Youtube желісінде 100 млн қаралым жинады.

370 мыңға жуық тыңдарман клиптің ұнағанын білдірсе, 69 мыңы "ұнамайды" батырмасын басқан.

Ал бейнебаяны астында 35 мыңға жуық пікір бар.

Пікірлерді қарап отырып, "Қайда" туындысын көптеген елдің адамдары көргенін байқауға болады.

Айта кетейік, өнер иесі 2017 жылы бірінші маусым күні, бейнебаянның тизерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, "Жазғы демалысқа менен сіздерге бір әдемі ән мен бейнебаян", - деген жазба қалдырған.

"Қайда" туындысы Ерке Есмаханның танымалдылығын артыра түсті.

2017 жылы маусым айында әншінің Instagram желісінде 2 млн оқырман болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткен 4,2 миллион жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823768-erke-esmahanny-kajda-bejnebaany-100-mln-karalym-zinady-video/

pixel