RU
"Министрдің сөзі қисынсыз": Президенттің баспасөз хатшысы жаңа жарлықты түсіндірді

"Министрдің сөзі қисынсыз": Президенттің баспасөз хатшысы жаңа жарлықты түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли әділет министрінің пікірталас тудырған сөзіне байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік билік органдары жүйесінде кадрлық саясат саласындағы өкілеттігін кеңейтетін жарлыққа қол қойды.

Осыған байланысты Марат Бекетаев Тоқаев қандай жағдайда Назарбаевпен келісетінін айтты.

Басылым мәліметінше, әділет министрі кадрлық тағайындауларға қатысты "соңғы шешім – Қауіпсіздік кеңесінің құзыретінде" деген пікір білдірген.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы жағдайға қатысты өз ойын жеткізді.

"Әділет министрінің түсіндірмесін қисынсыз деп санаймын. Мүмкін Бекетаев мырза тілшілердің қысымынан абдырап қалып, қате тұжырым жасаған шығар. Дегенмен мұндай жоғары деңгейдегі лауазымды тұлға кез келген мәселені өзінің функционалдық міндеті аясында әрқашан біліктілікпен түсіндіруі тиіс", - деді Берік Уәли.

Ол бұл мәселеге түбегейлі нүкте қойғысы келетінін алға тартты

"Конституция – негізгі заң. Құжатта мемлекет басшысының функциясы мен өкілеттілігі анық жазылған. Әртүрлі көзқарас туғызған 2019 жылдың 9 қазандағы жарлықтың ережесі бар. Соған сәйкес, президент "Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде" көрсетілген процедуралардан тыс шешімдерді қабылдауға құқылы", - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.

Ол тек президент мемлекеттің басты лауазымды тұлғасы, Конституцияның кепілі, Жоғарғы бас қолбасшысы екенін атады.

Яғни тек президент конституцияға сәйкес, үкімет мүшелерін, күштік құрылым басшылары мен өзге де ведомстволардың жетекшілерін, сондай-ақ, өңірлердің басшыларын тағайындауға қатысты шешімдерді қабылдайды.

"Пікірталас тудырған осы жарлыққа қатысты айтар болсақ, ол тек рәсімдік сипатта ғана. Сондықтан мемлекет басшысының конституциялық міндеттері мен функциясын атқаруға ешқандай кедергі келтіре алмайды", - деп сөзін қорытындылады Берік Уәли.
Сіздің реакцияңыз
13
1
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel