RU
Өскеменде ер адам қыз балаға пышақпен шабуыл жасады

Өскеменде ер адам қыз балаға пышақпен шабуыл жасады

Рассказать Вконтакте

20 қазанда бейтаныс адам Өскемен қаласының тұрғынына пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға бойжеткен кешке дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда орын алды деп хабарлайды YK-news.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Полицияның мәліметінше, сол күні кешке қыз бала үйден дүкенге барған.

Дүкеннен шыққанда белгісіз ер адам оған пышақпен шабуыл жасап, қорқытыпты.

Қыз бала оқиға орнынан қашып кетіп, құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Оның айтуынша, белгісіз адам алкогольдік сусын қолданды.

Тәртіп сақшылары 34 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында пышақ табылған.

Күдікті бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ол кінәсін мойындап, қамауға алынды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel