RU

Медведев Дариға Назарбаевамен қалай танысқанын еске алды (видео)

Қазақстан парламенті сенатының спикері Дариға Назарбаева Ресейге ресми сапары аясында Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевпен келіссөздер өткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik/Екатерина Штукина
Фото: Sputnik/Екатерина Штукина: UGC

Басылым мәліметінше, Дмитрий Медведев Назарбаеваны қарсы алған.

Қос тарап келіссөзді бастамас бұрын Ресей үкіметінің басшысы Дариға Назарбаевамен қалай танысқанын еске түсірді.

"Біздің танысқанымызға біраз уақыт болды. Мен ол кезде Ресей президенті әкімшілігінің жетекшісі болатынмын. Бұл шамамен 2003-2004 жылдар еді", - деді Медведев.
Фото: Sputnik/Екатерина Штукина
Фото: Sputnik/Екатерина Штукина: UGC

Ал Дариға Назарбаева болса, өзінің Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған кезін еске алды.

1980 жылдан бері барлығы қатты өзгергенін жеткізді.

"40 жылдай өтіп кетті", - деп таңғалды сенат спикері.

Басылым дерегінше, осындан кейін отырысқа бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысмаған.

Қазақстандық делегация құрамында сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов, сенаттың комитет төрағалары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Әли Бектаев пен парламент сенаты төрағасының кеңесшісі Бектас Мұхамеджанов болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1823797-medvedev-dariga-nazarbaevamen-kalaj-tanyskanyn-eske-aldy-video.html