Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәбетіңізге байланысты": Шөкеев Түркістанда қанша теңгеге тамақтануға болатынын айтты

Опубликовано:

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде қанша теңгеге тамақтануға болатынын айтып берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан кадр: КТК
Видеодан кадр: КТК: Instagram

Осыдан екі жыл бұрын Алматы қаласының әкімі болған Бауыржан Байбек қалада 500 теңгеге тойып тамақтануға болатынын айтып, елдің сөзіне қалған еді.

Дәл сонда жағдайға түскісі келмесе де, Шөкеевтің облыстағы баға нарығын айтып өтпесіне болмады.

"Сіз мені де Бауыржан Қыдырғалиұлы сияқты сөзден ұстағыңыз келіп тұр ма? 600 теңгеге де тамақтануға болады немесе екі мың теңгеге. Барлығы сіздің тәбетіңізге байланысты. Дегенмен, ешкім Түркістанда тамақ қымбат деп шағымданып жатқан жоқ. Қайта өзге өңірлерге қарағанда әлдеқайда арзан", - деді әкім.

Сондай-ақ, өңір басшысы Арыстағы жағдайдың тұрақталғанын, сүріліп, қайта салынып жатқан үйлерден басқа жөндеу жұмыстары аяқталғанын жеткізді.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823818-tbetiizge-bajlanysty-skeev-trkistanda-kansa-tegege-tamaktanuga-bolatynyn-ajtty/

pixel