Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғамдық орында тұмаудан қорғанудың ең тиімді жолы анықталды

Опубликовано:

Ресейлік маман ЖРЗ мен тұмаудың жаппай таралу қаупі кезеңінде көшеде және адамдар көп жиналатын жерлерде қорғанудың жолын айтты. Бұл туралы iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Ересек халыққа алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін денсаулық департаментінің штаттан тыс бас маманы Андрей Тяжельниковтің сөзінше, аурудың алдын алу үшін мұрын орамалына қылқан жапырақты ағаштардың майын жағып, өзіңмен бірге алып жүру керек.

"Суық тию қаупі төнген кезде бар эвкалипт, шай ағашы, мирра, арша, самырсын, қылқан жапырақтар майын пайдалану тиімді", - деді маман.

Дәрігер айтып өткендей, жоғарыда аталған майлардың құрамында бактерияларды өлтіруге қабілетті биологиялық белсенді заттар бар.

Сондай-ақ, Тяжельников адамдарға мегаполисте стресстің алдын алу үшін апельсин, лаванда, бергамот, жалбыз және раушан майларын пайдалануды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823819-zmysta-suyktan-korganudy-e-tiimdi-zoly-anyktaldy/

pixel