RU
Байзақова әкесіндей азаматтармен көңіл жарастырған елордалық аруларды сынға алды
Жаңалықтар Қоғам

Байзақова әкесіндей азаматтармен көңіл жарастырған елордалық аруларды сынға алды

Рассказать Вконтакте

Желіде ашық образдарымен танылған Айжан Байзақова әкесіндей ер адамдармен кездесіп жүрген бойжеткендерді сынға алды. Атышулы ару өзінен әлдеқайда үлкен азаматтармен жүрген бойжеткендерді көріп, жаға ұстаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова Instagram парақшасында бүгінгі қоғамда кең талқыланатын жас қыздар мен "аташкалар" тақырыбын көтерген.

Ол елордалық мейрамханаларда жасы өзінен әлдеқайда үлкен азаматтармен көңіл жарастырған аруларды өз көзімен көргенін жеткізді.

Танымал блогер сұлу бойжеткендердің қасындағы ер адамдарды не ағасы, не әкесі деп топшылап, қателескенін де атап өтті.

"Құдай өзі кешірсін. Бірақ, маған өте қызық. Алматыда шыны керек мұндай жағдайды бір рет те көрмеппін. Расымен, біздің көңіл көтеруіміз басқаша болып келеді екен. Әрине лас, бірақ мүлдем өзгеше. Астанада мен бір кеште сондай үш жұпты кездестірдім. Мінсіз сұлу жас қыз қарны шығып кеткен үлкен кісінің жанында.
Бастапқыда мен ішімнен "ағасы немесе әкесі болар" деп оны ақтауға тырыстым. Алайда, бірер минуттардан соң, бәрі анық бола бастады. "Әкесі" оның балғын терісіне майлы қолымен тиісіп, бәрінің көзінше мақтана құшақтайды.
Мен мұндай сұмдықты көріп, жаман болып қалдым. Бізде ауқатты әрі әдемі жас жігіттер жетерлік қой. Олармен құшақтасу әлдеқайда жағымды емес пе?
Енді сіздерден сұрағым келіп тұрғаны: Бұл жағдайға "аташкалар" іспетті көңілін таба алмайтын жігіттер кінәлі ме? Әлде бар кінә аруларда ма? Қыздар ренжімеңдер, мен барлық бойжеткендер жайлы айтып жатқаным жоқ. Тек өз көзіммен көргендер жайлы. Мен кінәләмаймын" , - деп жазды Байзақова.

Сіздің реакцияңыз
13
4
3
1
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel