Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзілкеш Марат Оралғазин әйгілі футболшыларды қазақша сөйлетті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әзілкеш Марат Оралғазин Испанияның "Атлетико" мен "Барселона" командаларының жұлдызды ойыншыларымен кездесіп, бір алаңда жаттықты. Ол танымал аяқдопшылармен жеке тілдесу мүмкіндігіне ие болып, оларды қазақ тілінде сөйлеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оралғазин мадридтік "Атлетико" командасындағы Альваро Мората мен "Барселона" футболшысы Иван Ракитичпен жақсы тіл табыса алған.

Оған қоса, қазақстандық шоу-бизнес өкілі "Атлетиконың" көпке танымал бапкері Диего Симионемен сөйлескен сәтін Instagram парақшасында жариялады.

Отандық әзілкеш шетелдік жұлдызды ойыншыларды өз көзімен көріп, олардың асқан қарапайымдылығына аса тәнті болған.

"Осымен Мадридке сапар аяқталды! Эмоция ұрып тұр. Кеше ғана теледидардан жанкүйер болған ойыншыларды тірідей көріп, олармен жаттығу жасадым. Ойлап көрші, арманым орындалды. Маған доп тебуді үйреткен Диего Симионе деп сенімді айта аламын. Ракитич пен Мората қанша жұлдыз болғанымен өте қарапайым жігіттер.
Диего Симеоне қатал тренер деуші еді. Өмірде әзілден жібереді екен. Біраз әңгімелесіп, күліп алғанымыз да болды. Қорытындылай келе айтарым, мүмкін емес ешнәрсе жоқ! Бәрі мүмкін! Шектеу тек миымызда. Ниет, амал, ақыл. Осы ғана керегі" , - деп әсерімен бөлісті Оралғазин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823837-zilkes-marat-oralgazin-lemge-jgili-futbolsylardy-kazaksa-sjletti-video/

pixel