RU
Асылхан Төлеповтің жұбайы ұлды болатынын түсінде көрген (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Асылхан Төлеповтің жұбайы ұлды болатынын түсінде көрген (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер Асылхан Төлепов пен оның жары Айсұлу Нарымбекқызы алғаш рет көпшілікке ұлы Алпамысты көрсетті. Жас ата-ана бұған дейін тұңғышының түрін жасырып келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алпамыс Асылханұлының суреті анасының Instagram парақшасында жариялаған. Актердің жұбайы оқырмандарымен отбасылық суретті көрсетіп, жүктілігіне қатысты қызықты жайтты айтып берген.

Айсұлудың сөзінше, ол тұңғышына аяғы ауыр кезінде түсінде үш мәрте ұл баланы көрген.

"Алпамысқа аяғым ауыр кезде мен үш рет түсімде ер бала көрдім. Бізде ұл болады деп топшыладым. УЗИ-де “ұлды боласыздар” дегенді естіп, ешқандай реакциямды байқамаған дәрігер “қуанышты емессің ғой? Әдетте, қазақтар ұл болатынын білгенде қатты қуанады” деп күлді.
Жақсы түс Алладан деген пайғамбарымыз с.а.с. Егер кімде кім жақсы түс көрген болса, қуанышымен бөлісуі керек. Мен бұл түстерімді мамаға айтқанымда, ол кісі маған “менің түсімде сен маған моншақ сыйладың, қыз туасың-ау” деген болатын" , - деп жазды Асылханның келіншегі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel