RU
"№1 держава болудан қалады": Ертісбаев АҚШ-тың Қытай үшін неге алаңдайтынын айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

"№1 держава болудан қалады": Ертісбаев АҚШ-тың Қытай үшін неге алаңдайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі, сондай-ақ Қазақстанның Грузия мен Беларуссиядағы бұрынғы елшісі Ермұхамет Ертісбаев "Время" басылымна берген сұхбатында АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ермұхамет Ертісбаев. Фото: msu.by

Ермұхамет Ертісбаев. Фото: msu.by

Ертісбаевтың айтуынша, америкалықтардың Қытаймен сауда соғысы жүріп жатыр.

Осы себепті АҚШ Бейжіңнің Шыңжаңдағы Ұйғыр автономиялы ауданына жасап отырған саясатына қарсы шығуда.

"Тек Америка ғана Бейжіңнің ШҰАА-на жасаған саясатына қарсы шығуда. Квебек аймағының Канада құрамынан референдум арқылы шыққысы келгенде Американың үнсіз қалғаны қызық. Соңғы 20 жылда Бейжің Шыңжаңның дамуына үлкен қаржы салды деп америкалықтар ешқашан айтпайды.
Америка Қытайдың қарыштап дамуына бұрыннан қатты алаңдайды. Қытайлықтар чипке жеткенде - болды! Америка №1 держава болудан қалады. Олар жалпы ішкі өнім бойынша Қытайға жол беріп қойды", - деді Ертісбаев.

Экс-елшінің сөзінше, Қытай ендігі Америка мен Еуропаның соңғы 500 жылда жасағанынан басып озуы мүмкін.

"Бұдан ешқайда қашып құтылмайды. Қытай әлемнің фабрикасы!", - деді Ермұхамет Ертісбаев.

Материалды көшіріп басу, тарату "Время" басылымының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады

Сіздің реакцияңыз
14
2
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel