Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси 15 жыл бойы Чемпиондар лигасында гол соққан алғашқы футболшы атанды

Опубликовано:

"Барселона" клубының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасы тарихындағы кезекті рекордты орнатты. Аргентиналық сұрмерген аталған турнирдің 15 маусымында үздіксіз гол соққан алғашқы футболшы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Топтық кезеңнің үшінші турында "Славия" клубы өз алаңында "Барселонаны" қабылдады.

Ойынның үшінші минутында Лионель Месси есепті ашып, командасын алға шығарды.

Аргентиналық футболшының бұл голы Чемпиондар лигасының кезекті рекордын жаңартты.

Ол 15 жыл бойы еурокубоктік басты бәсекеде гол соққан алғашқы футболшы атанды.

Месси Чемпиондар лигасындағы алғашқы добын 2005/06 жылғы маусымда соққан.

Ал "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду 14 жыл бойы гол соққан футболшы болып табылады.

Айта кетейік, "Славия" мен "Барселона" арасындағы матчта каталондық клуб 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1823859-messi-15-zyl-bojy-cempiondar-ligasynda-gol-sokkan-algasky-futbolsy-atandy/

pixel