Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Онлайн кассалық-бақылау машинасын енгізу жұмыстары үшін арнайы штаб құрылды

Опубликовано:

ҚР Қаржы министрлігінде өткен жиында онлайн кассалық-бақылау машинасын енгізу жұмыстарын жеделдету мақсатында арнайы штаб құру туралы бастама көтерілді.

Онлайн-КБМ-ді толықтай енгізу жұмыстары үшін арнайы штаб құрылады
Сурет: Аида Жургенбекова: Facebook

Онлайн-КБМ-ді енгізуге арналған штабтың құрамына жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» ҰКП мүшелері кіретін болады. Штабты Мемлекеттік кірістер комитетінің өңірлік филиалдары ұйымдастырады.

«Біздің алдымыздағы мақсат – онлайн-КБМ-ге сапалы әрі жылдам көшуді қамтамасыз ету. Жұмыстың қалай жасалып жатқанын көрсету үшін мұндай жиынды тек кабинетте емес, сауда орталықтарында да өткізуге болады. Біз барлығын бірге және ашық талқылауымыз керек. Сол кезде мазалаған сұрақтарды талқыға салып, қажетті техникалық талаптар әзірлейміз. Бізге нақты нәтиже қажет», – деді ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев.
Онлайн-КБМ-ді толықтай енгізу жұмыстары үшін арнайы штаб құрылады
Сурет: Аида Жургенбекова: Facebook

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кiрiстер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаевтың айтуынша, ең маңыздысы – кассалық-бақылау машинасының заң талаптарына сәйкес келуі.

«Бүгінгі жиынның негізгі мақсаты – онлайн-КБМ-ге қатысты мәселелерді талқылау. Барлық тараптан түсіністік орнағаны қуантады. Алдағы жиындарда бәріміз күш біріктіріп, аймақтар бойынша бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет. Мұның барлығы біздің талпынысымызды арттырып, өз нәтижесін беретін болады», – деп өз пікірін білдірді Т.Мамаев.

Бұған қоса Талғат Шариұлы тауарлар тізімі бойынша бірыңғай каталогты кеңейту қажет екендігін тілге тиек етті.

«Дайын болған бірыңғай катологты әлі де кеңейтіп, қажетті жұмыстар жасалуы қажет. Соның арқасында нарықта не сатылып жатқанын, қалай сатылатынын біле аламыз. Осы ретте, нарықтың барлық қатысушыларына бірлесіп әрекет етейік дегім келеді», – деп түйіндеді ведомство өкілі.

Сондай-ақ жиынға жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП және аймақтық деңгейдегі техникалық қызмет көрсету орталықтарының мүшелері ел аумағында онлайн-КБМ-ді енгізу жұмыстарының қазіргі жағдайын талқыға салып, өңірлердегі бүгінгі көрсеткіштерге тоқталды.

Айта кетсек, 2019 жылдың 28 қазанында Мемлекеттік кірістер департаментінің өңірлік филиалдарында «Ашық есік күні» жалпыреспубликалық акциясы өтеді. Онда барлық техникалық қызмет көрсетушілер, КБМ жасаушылар мен өндірушілер ағымдағы кассалық аппарат моделін көрсетеді. Сондай-ақ онлайн-КБМ-ге толықтай көшуге арналған мұндай жиын алдағы уақытта айына 2 рет талқылау түрінде ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1823861-onlajn-kassalyk-bakylau-masinasyn-engizu-zmystary-sin-arnajy-stab-kryldy/

pixel