Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шөп шегеді": Танымайтын адамға тұрмысқа шыққан келіншек жан сырын ақтарды

Опубликовано:

21 жасында танымайтын адамға пәк болып тұрмысқа шыққан келіншек күйеуінің шөп шегетінін айтады. Ол шөп таппаған кезде жұбайы соққының астына алып, екі ұлына да тиісетінін жеткізді деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

26 жастағы екі баланың анасы шөп шегуді әдетке айналдырған отағасы жайлы мұңын шақты.

"Мен қатты қажып кеттім, өз-өзімнен талып, құлап қаламын. Есімді жинасам, балаларым жылап, қасымда отырады. Кетіп қалғым-ақ келеді. Бірақ, жұмысым жоқ, сертификатымды қорғауым керек. Оған да қолым тимей жүр. Екі ұлымның ұрыс-керісті, әкесінің анасын ұрғанын, шөп шеккенін көргенін каламаймын. Шөптің иісін иіскеп, арақ ішкен әкесін көрмесе екен деймін. Оларды алып кеткім келеді.
Жақсы тарбие берсем екен деймін. Себебі жолдасым шөпті үйге шегетінді шығарды. Балаларымның денсаулығына қатты уайымдаймын. Өзім де соңғы кездері аурушаң болып жүрмін. Менің бар уайымым, екі балам жамандық көрмей, аман-есен өссе екен. Шөпті қойдыру үшін ойнап та, ұрысып та, жылап та айттым, балалардың денсаулығын ойлашы дедім. Бірақ еш нәтижие жоқ", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823884-sp-segedi-tanymajtyn-adamga-trmyska-sykkan-kelinsek-zan-syryn-aktardy/

pixel