RU
Тимати тылсым күштің арқасында ұлының дүниеге келер сәтін бір күн бұрын көрген
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тимати тылсым күштің арқасында ұлының дүниеге келер сәтін бір күн бұрын көрген

Рассказать Вконтакте

Жақында екінші мәрте әке атанған ресейлік рэп орындаушы Тимати ұлының дүниеге келген сәтін бір күн бұрын көрген. Өнер иесі жұмысында отырып, ерекше белгілерге тап болғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ратмирдің өмірге келуіне байланысты болған тылсым дүние жайлы Тимати Instagram желісінде өз жанкүйерлерімен бөліскен.

"Өздігімнен ырымшыл адам емеспін. Бірақ, жас келген сайын ерекше белгілерге мән бере бастадым. Мәселен, бұған дейін аса назар аудармаған нәрсені көремін.
Осылайша, Ратмирдің дүниеге келуіне бір күн қалғанда мен студиялық шамның ішінен қолында нәресте бар аяғы ұзын әйелдің бейнесін көріп қалдым. Біз кешкі студиялық сессияны бастап кеткен соң, бірнеше сағаттан кейін маған қоңырау түсіп, дереу перзентханаға бардым. 16 сағаттан кейін мен шамдағы бейнені шынайы өмірімде өз көзіммен көрдім" , - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Тиматидің екінші мәрте әке атанғанын жазған болатынбыз. Рэпердің сүйіктісі Анастасия Решетова оған Ратмир атты ұлды сыйлаған.

Өнер иесінің тұңғышы Алиса оның бұрынғы ғашығы Алена Шишковадан туған.

Оған қоса, Тиматидің анасы екінші немересінің дүниеге келуіне орай, қолына тату жасатты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel