Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар ұялы байланыстың өшірілуіне жаппай шағымданып жатыр

Опубликовано:

Қазақстандықтар ұялы байланыстың өшірілуіне жаппай шағымдануда деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бұл мәселе операторлардың тіркелмеген құрылғыларды ажырата бастағандығымен байланысты болуы мүмкін.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Нұр-Сұлтан тұрғынының айтуынша, ол өзінің ұялы нөмірін өткен жылдың қысында тіркеп қойған.

"Нөмірімді өткен жылы, жаңа жылға дейін тіркегенмін. Смартфонымды ауыстырмағандықтан, ешқандай мәселе болған жоқ. Бірақ осы жақында ғана, екі апта бұрын смартфонымды ауыстырдым. Бірақ мен оны қосқан кезде, оны нөмірмен байланыстыру керек деген оператордан SMS хабарлама болған жоқ. Мен осылай қолданып жүрдім, бәрі дұрыс болатын", - дейді астаналық.

Алайда бүгін таңертең ол ұялы байланыстың жоғалуы мәселесіне тап болған. Ол не маңызды қоңыраулар, не хабарлама жібере алмаған.

Оның телефонына құрылғы тіркелмеген деген SMS келіпті.

Қазақстандықтар ұялы байланыстың жоқтығына жаппай шағымданып жатыр
Қазақстандықтар ұялы байланыстың жоқтығына жаппай шағымданып жатыр: Twitter
"Мен үшін байланыста болу маңызды болғандықтан, ЖСН нөмірімді бірден жібердім, бірақ олар тіркемеді. Көрсетілген нөмірге хабарластым, бірақ сөйлесе алмадым, өйткені олар менің қоңырауымды үзіп тастады", - дейді бойжеткен.

Бұған дейін "Beeline Қазақстанның" PR қызметі 22-қазаннан бастап тіркелмеген құрылғыларды сөндіретінін хабарлаған. Компания абоненттерге құрылғыларды тіркеу және IMEI кодын нөмірге енгізу қажеттілігі туралы ескерткенін еске салды.

Сонымен бірге, Kcell компаниясының баспасөз қызметінің Tengrinews.kz басылымына хабарлауынша, кеше түнде IMEI-код базасымен тестілеу жұмыстарын жүргізген.

Осы себепті дұрыс тіркелмеген нөмірлер қиындықтарға тап болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823906-kazakstandyktar-aly-bajlanysty-siriluine-zappaj-sagymdanyp-zatyr/

pixel