RU
"Шақыруға сараңдау": Жаманқұлов фильміне түсіртпейтін режиссерларға өкпесін жеткізді

"Шақыруға сараңдау": Жаманқұлов фильміне түсіртпейтін режиссерларға өкпесін жеткізді

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов соңғы кездері фильмдерге шақырту өте аз екенін айтты. Өнер иесі қазақстандық режиссерлар өзін киноға түсіргісі келмейтінін жеткізіп, оларға деген өкпесін білдірді деп жазады "Таңғы хабар" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Танымал актер режиссерлар оны өз киносына түсірмеу үшін түрлі сылтау ойлап табатынына да шүйлікті.

"Мені түсірсе екен деген ықылас таусылушы ма еді? Біз актерлар оң жақта отырып қалған қыздар сияқтымыз. Ұнасақ екен, бізді көрсе екен деп күтеміз. Режиссерлардың көзі түссе екен дейміз. Бірақ, бүгінгі режиссура көшеден, ыңғайлы актерларды іздейді. Біздерді шақыруға кішкене сараңдау, ал мені білетін, менің қадірімді білетін актерлардың біразы меңмеңсініп кеткендері бар.

Олардың үнемі айтатын уәжі: "Сіз экраннан қайта-қайта шыға бересіз. Түріңіз танымал болып кетті. Бізге басқа, танымал емес адам керек". Бұл енді маған айтқан сылтауы ғой. Оларға шынайы суреткер ретінде өкпелімін. Жалпы киноға шақыру аздау, оны жасырмаймын. Бірақ, күтудемін.

Осы "Томириске" де түсе алмадым. Мен түсетін рөлдер бар еді. "Қазақ хандығы" фильміне түсе алмадым. Онда да мен ойнайтын рөлдер бар еді. Түспеуімнің себебі, шау тартып қалғаным емес. Режиссерлардың талғамына кедергі келтірген объективті, субъективті ойларды айтпай-ақ қояйын" , - деді Жаманқұлов.

Сіздің реакцияңыз
2
1
2
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel