Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы төбелестен соң 70 Қытай азаматы елден шығарылды

Опубликовано:

Citic Construction кәсіпорнында заңсыз жұмыс істейтін шетелдік азаматтар тексерістен кейін депортацияланды деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Фото: Public Domain
Фото: Public Domain: Instagram
Талдықорған қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, сондай-ақ, Ақсу аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517 бабы 2 тармағы (Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың халықтың көші-қоны туралы заңнаманы бұзуы) бойынша 70 Қытай азаматына қатысты істі қарады.

Ведомство мәліметінше, 9 қазандағы сот шешімімен ҚХР-ның барлық 70 азаматы кінәлі деп танылып, оларға елден шығару әкімшілік жазасы қолданылды.

Соттың шешімі күшіне еніп, шетелдіктер Қазақстан аумағынан шығарылғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, 7 қазанда Алматы облысы Ақсу ауданы аймағында "Алматы-Өскемен" жол-құрылыс жұмыстарын орындау барысында "Citic Construction" ЖШС жұмысшылары арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласты.

Осы оқиғаға байланысты Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Гэн Липин БАҚ алдына шығып, мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1823951-almaty-oblysyndagy-tbelesten-so-70-kytaj-azamaty-elden-sygaryldy/

pixel