Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Телекоммуникация комитеті ұялы байланыс қызметінің үзілу себебін түсіндірді

Опубликовано:

Телекоммуникация комитеті қазақстандық абоненттердегі байланыстың жаппай ажыратылуын түсіндірді. Операторлар 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін қате берілген нөмірлерді ажыратуға мәжбүр болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"Шынтуайтында біз телефонның ІМЕІ-кодының телефон нөміріне бекітілгенін тексеру қызметін іске қостық. Сонымен қатар, белгілі бір абонентке тіркелген абоненттік нөмірлердің санын анықтау қызметі қосылды.

Қазіргі уақытта азаматтар бұл қызметті жаппай пайдалана бастағаннан кейін көп адамдар өзіне он мыңдаған нөмірдің тіркеліп тұрғанын анықтады. Тіпті, бір әйелдің атына 51 мың нөмірдің тіркелгені анықталды.
Тиісінше ол ұялы байланыс кеңселерінің біріне барады да, сол 51 мың нөмірдің иесі ретінде операторға ол нөмірдің барлығын өшіріп, тек біреуін қалдырғысы келетіні жайлы өтініш жазады. Ал 51 мың нөмірдің ішіндегі көп бөлігін басқа адамдар пайдаланды ғой. Тиісінше, ол нөмірлердің барлығы да өшеді", - деді комитет төрағасы Виталий Ярошенко.

Оның сөзінше, бүгінгі күні елімізде дұрыс тіркелмеген 2 миллион абоненттік нөмір бар. Азаматтардың өз атына тіркелмеген нөмірлерді пайдаланып жүргені белгілі болды.

"Біреудің нөмірін ұстап жүрген адамдар қандай қауіппен бетпе-бет келуі мүмкін? Егер ол біреудің нөмірін ұстап жүрсе, оны иесі оп-оңай бұғаттай алады немесе сол нөмірдің ақшасын өзінікіне аударып ала алады. Нөмірдің шынайы иесі ол абоненттің кімге, қашан қоңырау шалғанын анықтауына мүмкіндік бар", - деді Виталий Ярощенко.

Комитет төрағасының айтуынша, операторларға дұрыс тіркелген нөмірлерге ғана қызмет көрсетуді міндеттейтін нормамен жұмыс жүргізу міндеті 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қойылған.

"Естеріңізде болса, былтыр жыл бойы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Сол кезде телефон нөмірлерін тіркеу туралы ескертулер жасалды. Себебі, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сим-картаны жоғалтып қана қоймай, телефонға автоматты түрде тіркелмеген сим-карта бекітіліп кетеді.
Тиісінше, бекітілген мәліметтердің барлығы ІМЕІ-кодтардың мәліметтер базасына келіп түсті. Операторлар телефоныңызға қызмет көрсету кезінде мәліметтер базасындағы ақпаратты телефоныңыздағы мәліметпен салыстырады. Сәйкессіздік анықталса, оператор мұндай құрылғыға қызмет көрсетуді тоқтатады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823961-telekommunikacia-komiteti-aly-bajlanys-kyzmetini-zilu-sebebin-tsindirdi/

pixel