RU
Атырауда перзентхананың 28 дәрігеріне жұмыстан босату туралы мәлімдемеге қол қойылды

Атырауда перзентхананың 28 дәрігеріне жұмыстан босату туралы мәлімдемеге қол қойылды

Рассказать Вконтакте

Атырауда перинаталдық орталықтың 28 дәрігерінің жұмыстан шығу туралы өтінішіне қол қойылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облыстық ауруханасының неврологтары ашық есік күнін өткізіп жатыр Алдағы жылдары елімізде 16 ірі аурухана салынады.

Биыл Жамбылда 65 медициналық нысан пайдалануға беріледі Алматының медицина ұйымдарына 85 млрд теңге төленді.

"Өз еркімен жұмыстан босу туралы барлығы 31 дәрігер өтініш білдірген еді. Үш дәрігер өз өтінішін қайтарып алды. 28 адамды жұмыстан босату туралы бұйрыққа қол қойылды. Бірақ, олар 7 қарашаға дейін жұмыс істейтін болады", - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнафис Танбаева.

Оның айтуынша, дәрігерлердің жұмыстан шығуы перинаталдық орталықтың жұмысына кері әсер етпеуі тиіс.

"Біздің облыстың гинекология қызметіне көмек көрсету туралы басқа өңірлердегі әріптестерімізбен келісім жасалған. Қалада қазір мамандар жұмыс істеп жатыр. Тағы да дәрігерлер тобы келуі мүмкін. Басқа да шаралар қолданылып жатыр", - деді Гүлнафис Танбаева.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында Атыраудағы перзентхана қызметкерлеріне қатысты істің тергелгені белгілі болды. Тергеу мәліметтері бойынша, дәрігерлер тоңазытқышқа тірі сәбиді салған. Нәтижесінде жаңа туған нәресте қайтыс болды.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен кетті.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінде нәрестелер арасындағы өлім жағдайларын тексеру нәтижелері туралы айтылды. Жыл басынан бері Атырау облысында 156 нәресте туған сәби қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel