RU
"Мен оралдым": МакГрегор келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін жайып салды

"Мен оралдым": МакГрегор келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Ирландиялық спортшы Конор МакГрегор Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында аралас жекпе-жекке қайта оралғанын, сондай-ақ ресейлік Хабиб Нурмагамедовпен реванш өткізу мүмкіндігін айтты деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Маған дайындыққа 66 күн қажет. Қазір дайындығымды бастап кеттім. Ерте жатып, ерте тұрамын. Барлығын нақты кестеге сәйкес жасаймын. Тәртіп – жетістіктің кілті. Қайтадан бабыма оралып жатырмын. Бұл спортта жүргеніме көп жыл болды, оңай емес екенін білемін. Ресейде жекпе-жек өткізгім келеді. Тәуекелге барғанды жақсы көремін.
Бірақ, менің жекпе-жегім 18 қаңтарда Лас-Вегаста өтеді. Күні келісілген. Егер қарсыласымның аты-жөнін айтсам, UFC мені өлтіреді. Мен оралдым! Содан кейін Мәскеуде Хабиб-Фергюсон жекпе-жегінің жеңімпазымен кездескім келеді. Мәскеу бұндай жекпе-жекті көруге лайық. Хабиб екеуіміздің реванш өткізетініміз анық", – деп мәлімдеді МакГрегор.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel