RU
"Екеуі де сүйеді": Бес жыл бойы екі бірдей азаматпен кездесіп жүрген әйел жан сырын ақтарды

"Екеуі де сүйеді": Бес жыл бойы екі бірдей азаматпен кездесіп жүрген әйел жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Бес жыл бойы екі ер адаммен кездесіп жүрген келіншек көпке мұңын шақты. Оның сөзінше, ер-азаматтардың бірі оны қаржылық тұрғыдан қамтамасыз етсе, енді бірі бар көңілі мен уақытын арнайды екен. Келіншек жылдар бойы екеуінің арасында жүруден шаршадым дейді. Амалы таусылған әйел алам көптен кеңес сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Өзінің жан сырын ол forum_kaz парақшасында жайып салған.

"Бәріне қайырлы күн, менде екі ер адам бар. Олармен кездесіп жүргеніме бес жылдан астам уақыт өтті. Не істерімді өзім де білмеймін... Біреуі ақша береді, қымбат сыйлықтар жасайды, былайша айтқанда менің барлық жағдайымды жасайды.

Бірақ оған деген көңілім суық, мен оны тек жасаған сый-құрметі үшін ғана құрметтейтін шығармын. Ал екіншісі керісінше маған қаржылық тұрғыдан мүлдем көмекесе алмайды, алайда менің көңілімді қалай да аулауға тырысады.

Мен онымен өзімді жақсы сезінемін, ол өте әдемі, көп оқыған, бірақ ақшасы жоқ. Жұмыс істейді, алайда табысы несие мен алимент төлеуден аспайды", - деп ағынан жарылған келіншек.

Оның айтуынша ол екінші ер адаммен бірге тұрады екен.

"Біріншісі менің онымен тұратынымды біледі. Екіншісі де сезіп жүр, меніңше олардың екеуі де мені сүйеді... Әрине мені жамандап, сынауларыңыз мүмкін... Бірақ осылай екеуінің арасында жүре беруден шаршадым... Бәрі тым созылып кетті, не істеуім керек? Айтыңыздаршы", - деп жазған ол.
Сіздің реакцияңыз
12
1
8
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel