Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстікте әкім мен бөлім басшысы пара алу бойынша күдікке ілінді (видео)

Опубликовано:

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы әкімдіктерінде басшылық қызметтегі екі шенеунік пара алу бойынша күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 23 қазанда қылмысты әшкерелеу кезінде жазылған жедел түсірілімнің кадрларын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: UGC

Ведомствоның ақпарынша, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы 65 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Ол заңсыз сыйақы үшін сауда-саттыққа рұқсат алып беріп, кәсіпкерге қамқорлық көрсетуге уәде берген көрінеді.

Ал Түркістан облысы Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округінің әкімі 500 мың теңге пара алды деп айыпталуда. Бұл ақшаны ол жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін бергені үшін алған.

Аталған фактілер бойынша тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823988-otstikte-kim-men-blim-bassysy-para-alu-bojynsa-kdikke-ilindi-video/

pixel