RU

Тоқаев әйгілі теннисшілерге не сыйлады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемдік теннис жұлдыздары Рафаэль Надаль мен Новак Джокович мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболка тарту етті. Кездесуден үзіндіні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық көшбасшы мен әлемге танымал спортшылардың кездесуі кезіндегі суреттер мен бейнежазбалар Берік Уәлидің Facebook парақшасында пайда болды. Роликте теннисшілер Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз қолтаңбалары бар футболкаларын сыйға тарту етіп жатқаны көрініп тұр.

Анықталғандай, сый-сыяпаттарды президент қана емес, спортшылардың өздері де алған.

Tengrinews.kz хабарлауынша, мемлекет басшысы әйгілі теннисшілерге отандық өнімдік қол сағаттарын сыйлаған.

Рафаэль Надаль ерекше сыйлыққа ие болды. Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана үйленген спортшыға Қазақстанда жасап шығарылған хрусталь вазасын тарту етті.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаевтың әйгілі теннисшілермен кездескенін хабарлаған болатынбыз. Аталмыш кездесу Ақордада өтті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев әйгілі теннисшілерге не сыйлады (видео)
Mailfire view pixel