RU

Алматыда ер адам туған баласын тұншықтырып өлтірді

Алматыда ер адам туған баласын тұншықтырып өлтірді. Жантүршігерлік оқиға 24 қазан күні таңертең "InterContinental" қонақүйінде орын алды деп хабарлайды Zakon.kz.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қонақүй фойесінде бір әйел жылап отырған. Ол көз жұмған баланың анасы әрі ер адамның әйелі болып шықты.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1823999-almatyda-er-adam-tugan-balasyn-tnsyktyryp-ltirdi.html