RU
Рафаэль Надаль Нұр-Сұлтанда өткен матчте Джоковичті жеңіп кетті

Рафаэль Надаль Нұр-Сұлтанда өткен матчте Джоковичті жеңіп кетті

Рассказать Вконтакте

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында әлемдік теннис жұлдыздары испаниялық Рафаэль Надаль мен сербиялық Новак Джокович арасында матч болып өтті. Кездесудің нәтижесі белгілі болды деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sportx.kz

Фото: sportx.kz

Екі спортшы арасындағы қайырымдылық матчі елордалық "Барыс Аренада" өтті. Кездесу Рафаэль Надальдің жеңісімен аяқталған. Бірінші сетте өзін Надаль (6:3) жақсы жағынан көрсетсе, екіншісінде Джокович (6:3) мықты болды.

Нәтижесінде жеңімпазды тай-брэйкте анықтады. Ол 11:9 есебімен испаниялық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Қазіргі таңда Новак Джокович әлемнің бірінші ракеткасы болып табылады. Ал Рафаэль Надаль болса АТР рейтігісінің екінші орында тұр.

Еске сала кетейік, Новак Джокович пен Рафаэль Надаль Қазақстанға бір күндік сапармен келді. Олар теннис академиясының ашылу салтанатына қатысып, қазақстандық журналистермен кездесіп үлгерді.

Оған қоса, теннисшілер Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Кездесу барысында спортшылар мен президент сыйлықтармен алмасты.

Сонымен қатар, Надаль мен Джоковичпен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та кездескен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel