Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 10 баланың анасы 11 жыл кезекте тұрып, мұқтаж жандардың тізімінен шығарылды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда "Алтын алқа" иегері, он баланың анасы көптен күткен пәтеріне қол жеткізейін деп тұрған сәтте тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығарылды деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Күләнда Кучукпаева тұрғын үй кезегінде астанаға көшіп келгеннен бері тұрғанын айтты.

Күләнданың жұбайы қант диабетімен ауырды, ал уақыт өткен соң одан онкологияны анықтады. Бұған қарамастан ер адам мен әйел балаларын қамтамасыз ету үшін еңбек етті. Алайда, тапқан ақшаның көп бөлігі дәрі-дәрмекке және емделуге кеткен.

Жұбайы осы жылдың басында қаза тапты. Ал кейін отбасы өздерінің тұрғын үйге мұқтаждар тізімінен шығарылғанын білді. Сонымен қатар, пәтерге дейін оларға ұзақ уақыт қалған жоқ еді - тізімде отбасы 245-ші орында тұрған.

Кейін көп балалы анаға Солтүстік Қазақстан облысында жеке үй ресімделгені анықталды.

Күләнданың айтуынша, тұрғын үйді кезінде совхоз берген. Ол үй туралы білгенде, оны сатуға кеңес берді, себебі отбасы елордада бұрыннан бері тұрады.

"Біз құрылыстың қалған бөлігін 600 мың теңгеге саттық", - дейді Күләнда Кучукпаева.

Алайда, мемлекеттік органдар әйел мемлекеттен көмек алу үшін тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлатты деп шешті. Сондықтан ол тізімнен алып тасталды.

Тұрғын үй қорында телеарнаға ештеңе көмек көрсете алмайтынын хабарлады: барлығы заңды.

Сонымен қатар, Күләнда жүгінген сот жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының шешімін заңсыз деп таныды.

Әзірге анасы балалары мен 7 немересімен жалдамалы екі бөлмелі пәтерде тұрып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1824035-nr-sltanda-10-balany-anasy-11-zyl-kezekte-tryp-mktaz-zandardy-tiziminen-sygaryldy/

pixel