RU
Тіс дәрігерінің қабылдауында болған әйел адам қайтыс болды

Тіс дәрігерінің қабылдауында болған әйел адам қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның Перли қаласында тіс дәрігері науқастың 10 тісін жұлып тастаған. Артынша әйел көп қан жоғалтып, көз жұмды деп хабарлайды iz.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay

Көрнекі фото: pixabay

Басылым мәліметінше, 2017 жылдың жазында тіс дәрігері Тушар Пательдің қабылдауына бір әйел адам келген.

Дәрігер 13 және 18 шілдеде оның бес-бестен, жалпы саны 10 тісін жұлыпты.

Науқас медициналық қызметкерге қанды сұйылтатын дәрі ішіп жүргенін айтқан.

Арада бірнеше сағат өткеннен кейін әйел адам қан кетуінің салдарынан алғашқы медициналық көмек көрсету пунктіне жүгініпті.

Дәрігерлер оған тиісті көмек көрсетіп, үйіне жіберген.

Бірақ 19 шілде күні әйел адам үйінде есінен танып қалып, қайтыс болды. 

2019 жылдың қазан айында стоматология бойынша бас кеңес тыңдалым өткізіп, соның нәтижесінде Пательді кәсіби жарамсыз деп таныды.
Себебі тәс дәрігері науқастың медициналық тарихын қарамаған және қанды сұйылтатын дәрі ішуінің салдарынан қан кету қатері жоғарылауы мүмкін екенін ескертпеген.

Сондай-ақ, медициналық қызметкердің тісті жұлғаннан кейін оның орнын дұрыс емдемей, отадан кейін не істеу керектігі жөнінде кеңес бермегені белгілі болды.

Ал Патель өз жұмысындағы кемшіліктерді "толықтай мойындады".

Кеңес оны дәрігерлік қызметінен 12 айға шеттету туралы шешім шығарды.

Басылым мәліметінше, аталған шешім 11 қарашада күшіне енеді.

Өз кезегінде Патель көз жұмған әйелдің отбасына көңіл айтты.

Сонымен қатар ол үнемі науқасқа жақсы қызмет көрсетуге тырысқанын, алайда кеңестің тұжырымдарын мойындайтынын айтты.

Тіс дәрігері жұмысымдағы кемшіліктер үшін қатты өкінетінін жеткізген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel